Мейірім Нұрсұлтанов жеңілмеген жапон боксшысымен жұдырықтасады

Мейірім Нұрсұлтанов жеңілмеген жапон боксшысымен жұдырықтасады

Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов келесі жекпе-жегін жапондық Шито Такесакоға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Treasure Boxing Promotion-тың хабарлауынша, боксшылар арасындағы жекпе-жек 15 сәуірде Инчхонда (Оңтүстік Корея) өтеді.

Жекпе-жек орта салмақта өтеді. Қазақ боксшысына тиесілі WBO International титулы бәске тігіледі.

Айта кетейік, Мейірімнің есебінде 18 жеңіс болса, оның 10-ын мерзімінен бұрын аяқтаған. Ситода 15 жеңіс (14 нокаутпен) және 1 тең нәтиже бар. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или