Қазақстандық боксшы Дәулет Дәукеновтің келесі жекпе-жегінің өтетін күні белгілі болды
Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов (10-2, 4 КО) келесі жекпе-жегінің өтетін күнін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық боксшы 18 ақпанда Пльзен қаласында (Чехия) өтетін бокс кешінде өнер көрсететін болды. Дәулеттің жекпе-жегі туралы жергілікті Patron Boxing промоушені хабарлады. Оның қарсыласы әзірге белгісіз.
Дәулет кейінгі жекпе-жегін 2021 жылы 18 желтоқсанда Астанада өткізген болатын. Онда ол өзбекстандық Эльдорбек Саидовты (6-7-2, 4 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді.
Кейін қазақстандық спортшы былтыр 16 желтоқсанда елордада өтетін бокс кешінде өнер көрсетуді жоспарлаған, алайда ол өтпей қалған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или