«Астананың» бұрынғы ойыншысы молдавалық клубқа ауысты
«Астананың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Денис Дедечко мансабын молдавалық «Зимбру» сапында жалғастырады.
35 жастағы украиналық футболшымен келісімшартқа отырғанын «Зимбру» клубы хабарлады.
Өткен маусымда Денис Дедечко эстониялық «Транс» сапында өнер көрсетіп, 12 гол соқты. Бұған дейін ол Украина, Ресей, Армения және Қазақстан чемпионатында өнер көрсеткен. 2015 жылғы маусымда Дедечко «Астана» сапында 16 матчқа қатысып, бір гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или