Кристина Овчинникова WORLD ATHLETICS INDOOR TOUR сериясы турнирінде топ жарды
Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова Чехияда өткен Athletics Indoor World Tour - Silver ірі турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ол биіктікке секіруден алтын медаль жеңіп алды.
Үздік әрекетте спортшы 190 сантиметрді көрсетті. Екінші орын украиналық Юлия Чумаченкоға (187 см) бұйырды . Үшінші орынды чех спортшысы Микаэла Хруба (187 см) иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или