Әли Балоев ресейлік боксшымен қарымта кездесу өткізеді
Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Әли Балоев ресейлік боксшы Курейш Саговпен реванш кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Боксшылар арасындағы екінші жекпе-жек 18 наурызда Дубайда (БАӘ) өтеді.
Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген және бірінші ауыр салмақ дәрежесінде өтеді.
Еске салайық, өткен жылдың қыркүйек айында Мәскеуде Әли Балоев Саговтан сенсациялық жеңіліске ұшыраған болатын.
Жетінші раундта Курейш нокаутпен ұтты.
Бұл отандасымыз үшін кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңіліс болды.
Барлығы Әли Балоевтың еншісінде 12 жеңіс және 1 жеңіліс бар. Ал Саговтың еншісінде 8 жеңіс және 2 жеңіліс.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или