ATP әлемнің үздік ойыншылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемнің үздік ойыншылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик 36-орнын сақтап қалды. Тимофей Скатов Чилидегі «Челленджердің» финалына шығуының арқасында 15 сатыға көтерілді. Бейбіт Жукаев алты сатыға көтерілді. Михаил Кукушкин, Денис Евсеев және Дмитрий Попко өз орындарын сақтап қала алмады.
Жұптық рейтингте Андрей Голубев 49-орыннан 48-орынға көтерілді. Александр Недовесов алты сатыға төмендеп, 65-орында.
ATP рейтингі. 30 қаңтардағы орындар
1 (+4). Новак Джокович (Сербия) – 7070
2 (-1). Карлос Алькарас (Испания) – 6730
3 (+1). Стефанос Циципас (Грекия) – 6195
4 (-1). Каспер Рууд (Норвегия) – 5765
5. (+1). Андрей Рублев (Ресей) – 4200
6 (-4). Рафаэль Надаль (Испания) – 3815
7 (0). Феликс Оже-Альяссим (Канада) – 3715
8 (+1). Тэйлор Фритц (АҚШ) – 3410
9 (+1). Хольгер Руне (Норвегия) – 3046
10 (+1). Хуберт Хуркач (Польша) – 2995
36 (0). Александр Бублик (Қазақстан) – 1095
129 (+15). Тимофей Скатов (Қазақстан) – 257
214 (-18). Михаил Кукушкин (Қазақстан) – 284
305 (+2). Бейбіт Жукаев (Қазақстан) – 168
335 (-30). Денис Евсеев (Қазақстан) – 145
324 (-32). Дмитрий Попко (Қазақстан) – 120
975 (-1). Григорий Ломакин (Қазақстан) – 12
Фото atptour.com