Португалиядағы турнирде қазақстандық дзюдошы күміс жүлде алды

Португалиядағы турнирде қазақстандық дзюдошы күміс жүлде алды

Португалияның Алмада қаласында дзюдодан өтіп жатқан Гран-при турнирінде қазақстандық Жансай Смағұлов күміс медаль алды.

Қазақстандық балуан 73 келі салмақта сынға түсті. Финалда ол өзбек дзюдошысы Обидхон Номоновқа есе жіберіп қойды.

Жансай Смағұлов 1992 жылы дүниеге келген. Бұған дейін 2017 жылы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Ал 2018 жылы Тунисте өткен Гран-при турнирінде жеңімпаз тұғырына көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или