Головкиннің промоутері Хопкинспен жекпе-жек өткізуден бас тартпайды

Головкиннің промоутері Хопкинспен жекпе-жек өткізуден бас тартпайды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Лёффлер өз командасы бұрынғы әлем чемпионы Бернард Хопкинспен кездесу өткізуден түбегейлі бас тартпайтыны туралы мәлімдеді.

“Ол бір жағынан қызық болушы еді. Адамдар бұл кездесуді көргісі келеді деп ойлаймын. Геннадий қарсыластарын 20 рет қатарынан нокаутқа түсірген, ал Хопкинс оның спорттық ғұмырындағы ең үлкен және ең тәжірибелі қарсыласы болатын еді”, – дейді промоутер.

“Біз Бернардты өте қатты құрметтейміз, алайда қазір біздің мақсатымыз – орта салмақтағы титулдарды біріктіру. Дегенмен біз болашақта бұл кездесуді өткізуден қашпаймыз”, — деп USA Today Лёффлердің сөзінен үзінді келтірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или