Константин Малиновский Әлем Кубогінің күміс жүлдегері атанды

Константин Малиновский Әлем Кубогінің күміс жүлдегері атанды

Индонезия астанасы Джакартада винтовка және тапаншадан нысана көздеуден келесі Әлем Кубогі басталды. Алғашқы күні пневматикалық винтовкамен 10 метрден оқ атуда қазақстандық Константин Малиновский күміс жүлдегер атанды. 23 жастағы Константин 60 рет нысана көздеп, 259,8 ұпай жинады.

Ерлер арасындағы алтын жүлде жапон спортшысы Наоя Окадаға (261,6 ұпай) бұйырса, швед Маркус Мадсен 258.5 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді. Қазір Қазақстан құрамасы бір күміс медальмен жалпы есепте Мажарстан мен Жапониядан кейін 3-орында тұр.

Айта кетейік, 7 ақпанға дейін жалғасатын жарысқа 31 елден 300 спортшы қатысып жатыр. Бүгінгі жарысты мына жерден толық көре аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или