Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Германияда жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық боксшы Виктор Темировтің (2-0, 2 КО) келесі қарсыласы белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.
Отандасымыз 4 ақпанда Ванген-им-Алльгойда (Германия) рингке оралады.
BoxRec.com порталының хабарлауынша, Темировтің қарсыласы 29 жастағы Босния және Герцеговина өкілі Милош Янянин (16-40, 13 КО) болады. Орта салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған.
Айта кетейік, Виктор кейінгі жекпе-жегін 2 шілдеде Германияның Бад-Вильдунген қаласында өткізіп, грузиялық Бека Мурджикнелиді (6-24-1, 4 КО) екінші раундта нокаутпен жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или