Australian Open: Рыбакина – Соболенко кездесуінің тікелей трансляциясы

Australian Open: Рыбакина – Соболенко кездесуінің тікелей трансляциясы

28 қаңтарда қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының жартылай финалында беларусьтік Арина Соболенкомен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина 1/2 финалда тағы бір беларусь спортшысы Виктория Азаренконы жарыс жолынан шығарды. Ақтық сында Арина фаворит саналғанымен, жанкүйер қауым 1/8 финалда әлемнің бірінші ракеткасы Ига Свентекті жеңген жерлесімізден жақсы нәтиже күтіп отыр.

Рыбакина – Соболенко кездесуінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады (матч Қазақстан уақытымен 14:30-да басталады). Кездесуді кабельдік телеарна абоненттері Eurosport телеарнасынан көре алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или