Колмаков могулдан әлем кубогының алтыншы кезеңінде 14-орын алды

Колмаков могулдан әлем кубогының алтыншы кезеңінде 14-орын алды

Канаданың Валь-Сен-Коме қаласында могул-фристайлдан ерлер арасындағы әлем кубогының алтыншы кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кезеңде канадалық Микаэль Кингсбери топ жарды, ол 85,37 ұпай жинады. Екінші орын швед спортшысы Вальтер Валльбергке бұйырды (81,69 ұпай), үздік үштікті жапондық Икума Хиросима (81,36 ұпай) түйіндеді.

Қазақстандық Павел Колмаков 73,45 ұпай жинап, 14-орынға ие болды. Әлем кубогының жалпы есебінде 135 ұпай жинаған Колмаков 11-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или