Айнитдинова/Құламбаева Үндістандағы жарыстың жартылай финалына өтті
Қазақстандықтар Жібек Құламбаева мен Гөзал Айнитдинова жұптық сында Үндістанның Пуна қаласында өтіп жатқан ITF W40 турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық жұп ширек финалда доданың 4-ракеткалары, өзбекстандық Нигина Абдураимова – тайбэйлік Ен-Шу Лангпен шеберлік байқасты.
Өзбекстандық-тайбэйлік дуэт бірінші партияда 6:2 есебімен басым түсті. Алайда екінші сетте 1:2 есебімен ұтылып жатқан сәтте матчты жалғастырудан бас тартты.
Осылайша, Құламбаева мен Айнитдинова жартылай финалға жолдама алды. Олардың келесі қарсыластары кейін анықталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или