Елена Рыбакинаның Аустралия ашық чемпионаты финалындағы қарсыласы анықталды

Елена Рыбакинаның Аустралия ашық чемпионаты финалындағы қарсыласы анықталды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Аустралия ашық чемпионаты финалындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші жартылай финалда әлемнің 5-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко дүниежүзілік рейтингіде 45-орында тұрған поляк қызы Магда Линетті 7:6 (7:1), 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған матчта А. Соболенко 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейкпен шектелді.

Осылайша, беларусь теннисшісі өзінің спорттық жолында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или