Australian Open-2023: Елена Рыбакина турнирде қанша табыс тапты?
Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының ширек финалында жеңіске жетіп, 651 656 доллар тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Australian Open жүлделер кестесіне сәйкес, әйелдер арасындағы жекелей сында жартылай финалға шыққаны үшін Рыбакина 651 656 доллар алады. Сонымен қатар, оған жұптық сында 1/8 финалға шыққаны үшін 23 689 доллар беріледі.
Әзірге Рыбакинаның аустралиялық мейжордағы жалпы гонорары 675 345 доллар немесе 312 миллион теңгеден асады.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 17-ракеткасы, Ролан Гаррос турнирінің 2017 жылғы чемпионы, латвиялық Елена Остапенконы 6:2, 6:4 есебімен жеңген болатын.
Жартылай финалда Елена Рыбакина америкалық Джессика Пегула мен Беларусь өкілі Виктория Азаренко арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі Аустралияның Мельбурн қаласында 16-29 қаңтар аралығында өтіп жатыр. 2023 жылғы турнирдің жүлде қоры 3,4 пайызға өсіп, рекордтық 76,5 миллион доллар болды.
Еске салайық, Australian Open финалына шыққан теннисші 1,14 миллион АҚШ долларын, жеңімпаз 2,095 миллион доллар алады.