Басқа

Богдан Лукин семсерлесуден Әлем Кубогінде қола жүлдеге ие болды

Богдан Лукин семсерлесуден Әлем Кубогінде қола жүлдеге ие болды

Отандасымыз Богдан Лукин Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы семсерлесуден Әлем Кубогі кезеңінде жекелей сында 3-орын алды.

Богдан жартылай финалда эстониялық Маркус Салмге есе жіберді. Өз кезегінде Маркус финалда мысырлық Мұхаммед Эль-Саидтен ұтылып қалды. Тағы бір қола медаль иорданиялық Ияд Оденің еншісінде.

Жалпы жүлде алмаса да, үздік 16 семсерлесушінің қатарына Ұлттық құрама сапындағы Алексей Кассаткин де шыққан. Өкінішке қарай, оның жолын Маркус Салм кесті. Айта кетейік, бәсекеге қатысу үшін 14 елден 92 үздік спортшы жиналды. Жарыс 23 қаңтарға дейін жалғасады. Ертең Қазақстан құрамасы командалық сында өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0