Басқа

Шахматтан ӘЧ: Магнус Карлсеннің бірінші партияға неліктен кешіккені белгілі болды

«Магнус Карлсен Қазақстанға жарыс басталардан екі күн бұрын келді. Біз қатысушылар үшін Медеу және Шымбұлаққа арнайы экскурсия ұйымдастырдық. Оның ішінде Магнус Карлсен де болды. Біз оны Шымбұлақтың ең биік шыңы - 3 200 метрге көтерген кезде, ол тауларды көріп, оған өрмелемек болды. Сол жерде ол бізге өзінің физикалық дайындық деңгейін көрсетті. Карлсен тауға өрмелеген жоқ, керісінше ол тау шыңына қарай жүгірді. Біз оның жылдамдығына ілесе алмадық. Ал келесі күні ол бізден көлік сұрап, тауға қайта аттанды. Шымбұлақтан жарысқа қайту керек болған кезде, ол көлік кептелісіне түсіп қалған. Нәтижесінде ол бірінші партияға кешігіп келді. Әрине, үлкен уақыт айырмашылығымен кешікті. Бұл блиц партияда Магнус Карлсен де 29 секунд, ал қарсыласында 3 минут болды. Дегенмен қазіргі әлем чемпионы бұл партияда жеңіске жетті», - деп тоқталды Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов ОКҚ-да өткен брифингіде.

Еске сала кетейік, былтыр Алматы қаласында 25-30 желтоқсан аралығында шахматтың рапид және блиц түрінен әлем чемпионаты өткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0