Сабина Алтынбекованың сұлулығы талқыланған видео 3 миллион рет көрілді

Сабина Алтынбекованың сұлулығы талқыланған видео 3 миллион рет көрілді

Қазақстандық волейболшы қыз Сабина Алтынбекованың сұлулығы талқыланған видео 3 миллион рет көрілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны YouTube сайтында JustKiddingNews арнасы 2014 жылдың 29 шілдесінде жариялаған болатын. Kazakh Volleyball Player Is Too Beautiful To Play Volleyball ft. David So (Қазақстандық волейболшы қыз волейбол үшін тым сұлу) деген атаумен жүктелген видеода жүргізушілер танымал спортшы қыздың сыртқы келбетін талқылайды. Олар қыздың әдемілігі ойын жанкүйерлерінің назарын өзіне аудартатынын айтты. Сонымен қатар, жүргізушілер Сабина Алтынбекованың келбетін азиялықтарға да еуропалықтарға да ұқсатты.

Жақында Сабина Алтынбекова индонезиялық Surabaya News порталының тұжырымы бойынша ең әдемі спортшы атанған болатын. "18 жастағы спортшы қыздың түрі өте әдемі, денесі де, ол терісінің аққұбалығымен ерекшеленеді. Ол сүйкімді және бүкіл әлемге танымал", - деп жазады басылым.   Еске сала кетейік, қазақстандық волейболшы қыз Сәбина Алтынбекова 2014 жылдың шілдесінде интернетте азия елдері арасында жұлдызға айналған болатын. Жанкүйерлердің айтуынша, Алтынбекованың образы жапон анимелерінің кейіпкерлерін еске салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или