Қазақстан жазғы универсиадада үздік ондыққа ілікті

Қазақстан жазғы универсиадада үздік ондыққа ілікті

Бүгін Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында бүкіләлемдік жазғы универсиада ойындары аяқталады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Студент спортшылар арасындағы аламанда Қазақстан құрамасы айтарлықтай табыстарға жетті. Біздің қыз-жігіттер бұл сайыста 6 «алтын», 4 «қола» медальға қол жеткізіп, жалпы командалық есепте үздік ондыққа кірді. Әсіресе жеңіл атлеттеріміз жарады. Бір Виктория Зябкинаның өзі үш қашықтықта топ жарып, универсиада ойындарының үш дүркін чемпионы атанды. 100 және 200 метрде алдына жан салмаған Виктория кеше Юлия Рахманова, Светлана Иванчукова, Анастасия Тулапинамен бірге әйелдер арасындағы эстафеталық сында жеңіске жетті. Финалда жерлестеріміз жеңіл атлетика алыбы АҚШ-ты басып озды. Сонымен қатар таэквондошы Нұрсұлтан Мамаев та 58 келіде қарсыластарын түгел ұтып, алтын медаль мен Рио де Жанейро олимпиадасының 20 ұпайын еншіледі.

Дереккөз: 24.kz сайты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или