Джокович Уимблдон турнирінде жеңіске жетті

Әлемнің бірінші ракеткасы серб Новак Джокович Уимблдон турнирінің жекелей сынында үшінші рет топ жарды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Финалда сербиялық теннисші әлемнің екінші ракеткасы швейцариялық Роджер Федерермен күш сынасты. Алғашқы екі сет тай-брейкпен бітті: алдымен Джокович (7:1) жеңсе, кейін Федерер (12:10) басым түсті. Қалған екі партияда серб мықтылығын көрсетіп, 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Осылайша ол 2015-маусымда екінші рет «Үлкен дулыға» жарысында топ жарып отыр.

Новак Джокович (Сербия) – Роджер Федерер (Швейцария) 7:6 (7:1), 6:7 (10:12), 6:4, 6:3

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или