ТОП-10: Генадан басқа кім бар бізде?

ТОП-10: Генадан басқа кім бар бізде?

Жерлесіміз Геннадий Головкиннің үлкен жеңістерінен кейін бірқатар қазақстандық спортшылардың алдында кәсіпқой рингтің есігі ашылды. «PROСПОРТ» сайты еліміздегі ең мықты деген 10 кәсіпқой былғары қолғап шеберлеріне шолу  жасады.

10. Радмир Ахмедиев

Туған жері: Алматы, Қазақстан

Жасы: 24

Салмақ дәрежесі: 72,5келі

Жекпе-жектер көрсеткіші: 6 (6КО)-0

Алматылық боксшы Радмир Ахмедиев кәсіпқой мансабын бір жыл бұрын Америка Құрама Штаттарында бастады. Сол уақыттан бері Радмир алты жекпе-жек өткізіп, барлығында нокаутпен жеңіске жетті. Ахмедиев Головкиннің салмақ дәрежесінде жұдырықтасады. Бір апта бұрын қазақстандық боксшы Хьюстон қаласында американдық боксшы Антрон Пирсонды техникалық нокаутпен жеңген. Әзірге алматылық спортшы көбінде жергілікті боксшылармен жұдырықтасып, ақырындап тәжірибе жинауда.  Қазірдің өзінде Радмирді Америкада «екінші Головкин» деп атап жүр екен.

9. Руслан Мадиев

Туған жері: Қарағанды, Қазақстан

Жасы:23

Салмақ дәрежесі:  63,5 келі

Жекпе-жектер көрсеткіші: 5 (3 КО) – 0

Қарағанды тумасы Руслан Мадиев былтыр Геннадий Головкиннің GGG промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған болатын. Содан бері ол Головкинмен бірге жаттығып жүр. Калифорниядағы «Big Bear» залында Абель Санчестің қол астында жаттығуда. Руслан кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуін Қазақстанда өткізген болатын. Содан соң Мадиев АҚШ-қа аттанды. «Астана Арланс» сапында бір жекпе-жек өткізіп те үлгерді. Соңғы жекпе-жегінде жерлесіміз мексикандық Хулио Санчесті техникалық нокаутпен ұтты.

8. Дәурен Елеусінов

Туған жері: Батыс Қазақстан облысы, Березово ауылы

Жасы: 29

Салмақ дәрежесі: 76,5 келі

Жекпе-жектер көрсеткіші: 3 (2 КО) – 0

Әуесқой бокстан былтырғы маусымның ең үздік боксшысы Данияр Елеусіновтың ағасы Дәурен кәсіпқой мансабын 28 жасында бастады. Былтырғы жылдың желтоқсан айында Дәурен американдық Энтони Мадденді нокаутпен ұтқан болатын. Жалпы Елеусінов үш жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Дәурен де өзінің жекпе-жектерін АҚШ-та өткізуде. Тіпті белгілі промоутер Эль Хэймонмен келісімшартқа отырды. Дәурен қазақстандық бокс жанкүйерлеріне бұрыннан таныс. Ол бірнеше рет ел чемпионы атанған, сондай-ақ «Астана Арланс» сапында жұдырықтасқан. Елеусінов екінші орта салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

7. Роман Жайлауов

Туған жері: Шымкент, Қазақстан

Жасы: 21

Салмақ дәрежесі: 66,6 келі

Жекпе-жектер көрсеткіші: 15 (9 КО) – 0

Роман Жайлауов небәрі 18 жасында алғашқы кәсіпқой кездесуін өткізген. Үш жыл ішінде қазақстандық боксшы 15 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ал, биылғы жылдан бастап Оңтүстік Африка Республикасының «GoldenGloves»  промоутерлік компаниясымен келісімге отырды. Қазіргі таңда, Роман өзінің жаттығулары мен кездесулерін сол Африканың оңтүстігінде өткізеді. Онда Головкинмен кездесуге британдық Мартин Мюррей дайындалған болатын. Жайлауов өзінің соңғы жекпе-жегінде жергілікті Луяндо Жако атты боксшыны бірінші раундта құлатқан болатын. Жалпы Роман болашағынан үлкен үміт күттіретін былғары қолғап шебері.

6. Жанқош Тұраров

Туған жері: Алматы, Қазақстан

Жасы: 24

Салмақ дәрежесі: 63,5 келі

Жекпе-жектер көрсеткіші: 17 (12 КО) – 0

Жанқош кәсіпқой мансабын осыдан алты жыл бұрын бастады. 24-жастағы боксшы өз мансабында бірнеше елдерде жекпе-жек өткізіп үлгерді. АҚШ-та, Доминикан республикасында, ал соңғы кездесуін Колумбия елінде өткізді. Онда ол жергілікті спортшы Дунис Линанды техникалық нокаутпен жеңді. Тура сол бокс кешінде Қанат Исламда жеңіске жеткен болатын. Жалпы Жанқош техникалық тұрғыда шебер. Бірақ оған және Исламға басқа мықты промоутерлік компанияға ауысқан жөн. Сонда ғана оларға АҚШ-та жолашылады. Сондай-ақ, Жанқош кезінде Мэйвезердің ағасы Роджер Мэйвезердің қол астында жаттыққан.

5. Қанат Ислам

Туған жері: Алтай, Қытай Республикасы

Жасы: 30

Салмақ дәрежесі: 69,8 келі

Жекпе-жектер көрсеткіші: 19 (16КО) – 0

«Қазақ» лақап атымен шығатын Қанат Ислам кезінде әуесқой бокс пен WSB бокс сериясында мықты қырынан көрінген. Олимпиада ойындарында Қытай намысын қорғаса да өзінің қазақ екенін еш ұмытпаған. Осылайша, Олимпиададан кейін Қанат өз еліне оралды. «Астана Арландарының» жетекші боксшысы атанып, көп ұзамай кәсіпқой боксқа ауысты. Үш жыл ішінде Қанат 19 кездесу өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтады. Жанқош Тұраров екеуінің промоутері бір – ол Нельсон Лопез. Қанат та өзінің кездесулерін оңтүстік Америка елдерінде өткізуде. Алдағы уақытта Қанат АҚШ-қа бет бұрып, Головкин сияқты бокс жұлдызына атануына тілектеспіз.

4. Жанат Жақиянов

Туған жері: Петропавл, Қазақстан

Жасы: 31

Салмақ дәрежесі: 53, 5 келі

Жекпе-жектер көрсеткіші: 25 (18 КО) – 1

Петропавл тумасы Жанаттың кәсіпқой бокста жүргеніне 8 жыл болды. Содан бері Жақиянов 25 кездесу өткізіп, тек біреуінде ғана жеңіліс тапты. 2008-ші жылы Ресейде жергілікті боксшы Сахиб Усаровқа ұпай бойынша жол берген. Қазіргі таңда, жерлесіміз атақты Рикки Хаттоның қол астында жаттығады. Жанат Австралия, Ұлыбритания, Болгария, Беларусь тағы басқа мемлекеттерде жұдырықтасқан. Ал өзінің соңғы жекпе-жегінде Жақиянов алтыншы раундта аргентиналық Гектор Роландо Гузманды жеңді. Жалпы қазақстандық боксшы WBC мен WBA рейтингілерінде жоғары орындарда тұр. Ол дегеніміз қандасымыздың болашақта чемпиондық белбеуге таласатын жақсы мүмкіндіктері бар екенін білдіреді.

3. Иса Ақбербаев

Туған жері: Қостанай, Қазақстан

Жасы: 31

Салмақ дәрежесі: 90,8 келі

Жекпе-жектер көрсеткіші: 16 (11) – 0

Чемпиондық атағы: IBO бойынша әлем чемпионы

Ұзын бойлы қостанайлық боксшы Иса Ақбербаев ауыр салмақ дәрежесінде IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Иса әуесқой бокстан ел намысын қорғап, кейін 2009-шы жылы кәсіпқой боксқа ауысты. Артынша, Головкиннің командасына қосылды. Ақбербаев, Мадиев пен Головкиннің бапкері бір – ол Абель Санчес. Үшеуіде жаттығуларын Калифорниядағы «Big Bear» залында өткізеді. Соңғы кездері Исаны жекпе-жектерге Геннадий Головкиннің ағасы Максим дайындауда. Иса болса бір ай бұрын Германияда бразилиялық былғары қолғап шебері Хулио Сезар дос Сантосты ұпай санымен ұтқан болатын. Қазірде қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегіне дайындық жаттығуларын жүргізуде. Жекпе-жек қыркүйектің 11-і Лондонда өтеді деп жоспарлануда. Қарсыласы әзірге белгісіз.

2. Бейбіт Шүменов

Туған жері: Шымкент, Қазақстан

Жасы:31

Салмақ дәрежесі: 90,8 келі

Жекпе-жектер көрсеткіші: 15 (10 КО) – 2

Бейбіт бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі болған. 2004-ші жылы өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. Бірақ әуесқой бокста көп жүрмей Шүменов 2007-ші жылы кәсіпқой боксқа ауысады. Әйтсе де, сол уақыттан бері қазақстандық боксшы тек қана 15 кездесу өткізді. Ал бір жыл бұрын әйгілі 49-жастағы Бернард Хопкинсттен  ұтылып қалды. Содан бері Шүменов американдық Бобби Томасты ұтып, осы айдың 25-і Лас-Вегаста американдық Бенжамин Флореспен күш сынасады. Шүменов жартылай ауыр салмақ дәрежесінде ұзақ уақыт бойы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған. Бірақ, Хопкинсттен жеңілген соң бірден ауыр салмақ дәрежесіне ауысты. Енді ол Флоресті ұтып жатса, WBA белбеуі үшін ресейлік Денис Лебедевпен жұдырықтасуы әбден мүмкін. Сондықтан, жерлесімізге алдағы кездесуде жеңіс тілейміз.

1. Геннадий Головкин

Туған жері: Қарағанды, Қазақстан

Жасы: 33

Салмақ дәрежесі: 72,2 келі

Жекпе-жектер көрсеткіші: 33 (30КО) - 0

Чемпиондық атағы: WBA, IBO әлем чемпионы

Қазақ елінің мақтанышы Геннадий Головкин қазіргі таңда бокстағы ең жарқын жұлдыздардың бірі. «Аңшы» стилімен белгілі «Трипл Джи» қарсылас шақ келтірмес. Геннадий 33-жекпе жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Головкин соңғы үш жылда нағыз орта салмақтың «патшасына» айналды. Том Леффлердің келуімен Головкин барша әлемге танымал бокс жұлдызы атанды. Атақты «TheRing» басылымының рейтингінде үздік төрт боксшының қатарына кірді. Бұл деген мақтан тұтатын көрсеткіш. Болашақта бірінші орынға көтерілеуі әбден мүмкін, себебі Владимир Кличко мен Флойд Мэйвезер бір-екі жылда үлкен спортпен қош айтысуы ықтимал. Солардың орнын қазақстандық боксшы басатынына күмән жоқ. Бірақ ол үшін Гена бір-екі жұлдызды боксшыны жеңуі қажет. Мигель Котто-СаульАльварес жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесу Головкиннің беделін одан әрі көтермек. Сондықтан, жерлесімізге тек қана сәттілік тілейміз.

Дайындаған: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или