«Астана» Армения құрамасының қорғаушысымен жаңа келісімшарт жасасты

«Астана» Армения құрамасының қорғаушысымен жаңа келісімшарт жасасты

«Астана» футбол клубы Армения құрамасының қорғаушысы Камо Оганесянмен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Камо астаналық клубқа 2022 жылдың басында ауысқан. Өткен маусымда команданың ҚПЛ чемпионы атануына үлес қосты. 

Оганесянмен жаңа келісімшарт 2023 жылғы маусымның соңына дейін жарамды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или