Басқа

Рыбакина, Әлімханұлы және Рахмонов 30 жасқа дейінгі ең танымал топ-5 қазақстандықтар қатарына енді

Рыбакина, Әлімханұлы және Рахмонов 30 жасқа дейінгі  ең танымал топ-5 қазақстандықтар қатарына енді

«Турстат» порталы 30 жасқа дейінгі әлемдегі ең танымал 5 қазақстандықтың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл тізімде бес орынның үшеуін спортшылар алды – теннисші Елена Рыбакина, боксшы Жәнібек Әлімханұлы және аралас жекпе-жек файтері Шавкат Рахмонов.

23 жастағы Елена Рыбакина 2022 жылы Уимблдон турнирінде жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасы сапында Билли Джин Кинг кубогының финалында өнер көрсетті.

29 жастағы Жәнібек Әлімханұлы осы жазда орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған болатын. 12 қарашада ол британдық Дензел Бентлиге қарсы жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешіммен жеңіске жеңіп, титулын алғаш рет қоғап қалған еді.

28 жастағы Шавкат Рахмонов қазақстандықтар арасында бірінші болып UFC-дің топ-10 рейтингіне енді.

30 жасқа дейінгі әлемдегі ең танымал қазақстандықтардың бестігінде Рыбакина, Әлімханұлы және Рахмоновтан бөлек әнші Димаш Құдайберген (28) мен 22 жастағы диджей әрі музыкалық продюсер Иманбек Зейкенов бар.

Фото instagram.com/janibek_alimkhanuly

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0