русский язык
Басқа

Әлем чемпионаты: 8 жастағы Кәрім Айтжан FIDE директоры Дана Рейзниеце-Озоланы таңғалдырды

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы сарайда рапид және блиц шахматтан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін ауқымды бәсеке аясында екі әлем чемпионатының күміс жүлдегері (U-14 пен U-18), әйелдер арасындағы гроссмейстер, Латвияның бұрынғы қаржы және экономика министрі, FIDE-нің қазіргі басқарушы директоры Дана Рейзниеце-Озола Астана және Алматы қаласындағы академия шәкірттерімен бір мезетте ойнап, сосын ересек қыздарға арнап шеберлік сағатын өткізді.

Тәжірибелі шахматшыны 24 жас баланың арасынан Астана қаласынан барған Кәрім Айтжан бір партияда жеңіп, таңғалдырды. Chessstar шамат мектебінде тәлім алатын Кәрім 8 жаста. Қатарластарының арасында блиц шахматтан Азия мен Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанып үлгерді.

«Қарсыласымның басымдығын көріп, жеңе алатыныма сенбеген едім. Тіпті, тең ойын ұсындым. Бірақ кейіннен таразы басын өзіме қарай аударып, партияның өз пайдама аяқтадым. Шебер шахматшымен ойнау қиын екен»,-деді Кәрім Айтжан.

Жас шахматшылар алдында сөз сөз алған Дана Рейзниеце-Озола былай деді: «Шахмат маған бұл өмірде көп нәрсені үйретті.Осы ойынның арқасында уақытты бағалап, тыңбай еңбектенуді, мақсатқа жетуді меңгердім. Бұл ойын сендерге де осмы жолда көмектеседі. Тек зейін қойып жұмыс істеу керек»,-деп айтты Латвияның 4 дүркін жеңімпазы.

Айта кетейік, кеше чемпионатты ңалғашқы күні рапидте 18 жастағы қазақстандық Зейнеп Сұлтанбек мамандарды қатты таңғалдырды. Ол 4 турда 3 рет жеңіске жетіп, тек бір ойында қарсыласына жол берді. Ал рапидтен былтырғы чемпионаттың күміс жүлдегері Бибісара Асаубаева 4 кездесуде 2 мәрте тең түсіп, бір ойында басым түсті. Тағы біреуінде ұтылып қалды.

Әлем чемпионатын ұйымдастырушылар – FIDE мен Қазақстан шахмат федерациясы. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігі қолдау көрсетті. Жалпы жүлде қоры – $1 млн.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;