Балуан қыз Жәмила Бақбергенова жылдың үздік спортшысы атанды
Мәдениет және спорт министрлігі жылдың үздік спортшыларын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
«Жеңімпаз рухы" жүлдесіне көптеген спортшы үміткер атанған. Солардың ішінде екі спортшы суырылып шықты.
Жазғы спорт түрлері бойынша «Жылдың үздік спортшысы» атағы Жәмила Бақбергеноваға бұйырды. Жәмила әйелдер күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Ислам ойындарының қола жүлдегері атанған.
Ал қысқы спорт түрлері бойынша «Жылдың үздік спортшысы» атағы Александр Герлицке берілді. Ол шаңғымен жарысудан Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері.
«Жылдың үздік жаттықтырушысы» атағын Нұрсұлтан Теміров (жазғы) пен Антон Жданович (қысқы) иеленді.
«Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясы» – Ұлттық коньки тебушілер федерациясы;
«Ауылдағы үздік жаттықтырушы» - Дастан Балабеков (Жетісу облысы)
«Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы» – Самат Сапишев (Шымкент).
Ал «Жыл жаңалығы» атағын «Уимблдон» турнирінде топ жарған Елена Рыбакина иеленді.