Әлем чемпионатының үздік жас ойыншысы ПСЖ-ға ауысуы мүмкін
Аргентина құрамасы мен «Бенфика» футболшысы Энцо Фернандес жақын арада клуб ауыстыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Энцо Фернандеске ПСЖ қызығып отыр. Дереккөздің хабарлауынша, француздық клуб ойыншыны сатып алуды қарастырып жатыр.
Айта кетейік, Энцоға сонымен қатар «Ливерпуль», «Реал Мадрид», «Манчестер Сити» және «Манчестер Юнайтед» клубтары қызығушылық танытуда.
Еске салайық, 21 жастағы футболшы әлем чемпионатының үздік жас ойыншысы деп танылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или