Қазақстандық теннисші Мысырдағы турнирді жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Шарм-эль-Шейхте (Мысыр) өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында бірінші айналымдағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық ресейлік теннисші Марат Шәріповпен бірге мысырлық-американдық Карим Ибрахим – Джаспер Лай дуэтімен кездесіп, жеңіске жетті. Кездесу үш сетте 6:0, 4:6, 10:3 есебімен аяқталды.
Қазіргі уақытта қазақстандық теннисші жекелей сында ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) әлемдік рейтингінде 970-ші орында тұр. Шәріпов рейтингтің 824-ші қатарында.
Айта кетейік, бұл кездесу Египет турнирінің 1/8 финалы аясында өтті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или