Сергей Ковалев: «Головкин менің досым, онымен жұдырықтасқым келмейді»

Кәсіпқой бокстан жартылай ауыр салмақ дәрежесінде IBF, WBO мен WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы ресейлік Сергей Ковалев қазақстандық Геннадий Головкинді мақтады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Головкин – нокаутер. Өте мықты боксшы. Головкиннің соққылары жойқын. Сонымен қатар, Гена он екі раунд бойы шаршамай қысым жасайтын боксшы. Оның шаршағанын ешқашан көрмедім, а жоқ, бір рет көрдім. Кассим Оумамен болған жекпе-жекте. Бірақ, соның өзінде Геннадий оны 10-шы раундта нокаутпен ұтты.

Головкин менің қарсыласым емес, ол менің досым. Мен оның нағыз жанкүйерімін. Әйтсе де, бұл бокс. Гена менің салмақ дәрежеме көтерілсе, мен қаша алмаймын ғой? (күледі). Сонда да Головкинмен жұдырықтасқым келмейді», - деді Ковалев.

Boxingscene.com сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или