Надежда Морозова Әлем Кубогының 4-кезеңінде қола медаль жеңіп алды
Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден Әлем Кубогының 4-кезеңі өтіп жатыр.
Бүгін 2-жарыс күні қазақстандық Надежда Морозова 1500 метрге жарыста 3-ші нәтиже көрсетті. Ұлттық құрама өкілі тек жапон Михо Такаги мен нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонгке есе жіберді.
Тура бір апта бұрын дәл осы Калгариде өткен 3-кезеңде 1500 метрде Михи Такаги алтын, Надежда Морозова күміс, Антуанетта Рийпма-де Йонг қола жүлдеге қол жеткізген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или