Денис Никиша Алматыдағы Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды
Алматыда шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінде ерлер арасында 500 метр қашықтықтағы финалдық жарыстар аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық шорт-трекші Денис Никиша А финалында 41,267 нәтижесін көрсетіп, үшінші орын алды. Осылайша, Никиша қола медаль иеленді.
Қазақстандық үшін бұл - Әлем кубогы кезеңіндегі екінші медаль. Бұған дейін Никиша күміс жүлдегер атанған болатын.
Алтын медальді польшалық спортшы Диан Селлер (41,104) жеңіп алды, канадалық Стивен Дюбуа (41,153) күміс жүлдегер атанды.
Фото: Сали Сабыров
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или