Астанадағы бокс кеші кейінге шегерілді
16 желтоқсанда Астанада «Барыс Аренада» өтуі керек болған кәсіпқой бокс кеші кейінге шегерілді, деп жазады Prosports.kz сайты.
Бокс кешінде эеңіліп көрмеген америкалық Росалинда Родригес (13-0, 3 КО) пен аргентиналық Дебора Ванеса Гомес (8-8-2, 1 КО) жеңіл салмақтағы WBC International белбеуі сарапқа салуы керек болатын.
Ал кештің басты жекпе-жегінде «Қазақ жауынгері» лақап атымен танымал Елшат Нығметолла (17-0-1, 5 КО) филиппиндік Ренц Розиамен (17-9-1, 9 КО) жеңіл салмақтағы WBC International Silver бос тұрған титулы үшін күш сынасуы керек еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или