Биатлоншы Вадим Куралес Әлем Кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

Биатлоншы Вадим Куралес Әлем Кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

Аустрияның Обертиллиах қаласында биатлоннан жастар арасындағы Әлем Кубогының 2-кезеңінде 15 шақырымға жарыста қазақстандық Вадим Куралес күміс жүлдегер атанды.

Ол нысана көздеу кезінде 2 рет мүлт кетіп, жеңімпаз эстон Якоб Кульбиннен 22 секунд қалып кетті. Спринтте жастар арасындағы Әлем чемпионы Якоб бір мәрте нысананы жаба алмады. Үздік үштікті германиялық Ханс Кёльнер түйіндеді.

Вадим Куралес Францияның Мартель елді-мекенінде өткен алғашқы кезеңде супер спринтте 11-ші, ал 12 шақырым масс-стартта 26-шы сатыдан көрінген. Бүгін 20 жасқа толған қазақстандық биатлоншы қазір 136 ұпаймен жалпы рейтингте 6-орынға көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или