Эльмира Әлиева: Тунисте біз бүкіл Қазақстанның қолдауын сезіндік
<span>Елордалық әуежайда үстел теннисінен әлем чемпионы (2022 ITTF World Youth Championships) Алан Курмангалиев пен оның тәлімгері, Қазақстан ұлттық командасының бас бапкері Эльмира Әлиеваны салтанатты жағдайда қарсы алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.<span class="Apple-converted-space"> </span></span>
<span>«Тунистегі чемпионатта біз бүкіл Қазақстанның қолдауын сезіндік және жерлестерімізді ұятқа қалдырмауға тырыстық. Республикалық үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Абулгазинге үлкен рахмет. Бізде әлем чемпионатына дайындалу және табысты өнер көрсету үшін тамаша жағдайлар жасалынған», - деді Әлиева.<span class="Apple-converted-space"> </span></span>
Естеріңізге сала кетейік, Алан Курмангалиевтің әлем чемпионатының қорытындысы бойынша аралас разрядтағы алтын медаль және жеке есепте қола медалі бар.