«Қайраттың» түлегі клубтан кетті
«Қайрат» ФК түлегі Адам Адахаджиев алматылық клуб сапынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматылық клуб пен футболшы арасындағы 2023 жылдың соңына дейін есептелген келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды.
2022 жылғы маусымда Адахаджиев «Қайрат» сапында 10 кездесу өткізіп, нәтижелі әрекеттермен көзге түсе алмады.
24 жастағы жартылай қорғаушы 2020 жылдан бері негізгі команданың ойыншысы болған, «Қайрат» сапында Адахаджиев 2020 жылы Қазақстан чемпионы атанған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или