Виталий Щиголев Калгаридегі Әлем Кубогының 3-кезеңінде қола медаль жеңіп алды
Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден Әлем Кубогының 3-кезеңі аяқталды. Соңғы жарыс күні Қазақстан құрамасы осы кезеңдегі 2-жүлдесіне ие болды.
Ерлер арасындағы масс-стартта Виталий Щиголев мәре сызығын 3-болып қиды. Қазақстандық спортшыгың нәтижесі: 7:55.850 секунд.
Бұл жарыста итальян Андреа Джованнини жеңіске жетті. Бұл оның 2019 жылдан бергі Әлем Кубогы кезеңіндегі жеңісі. Жаңа зеландиялық Питер Майкл күміс жүлдегер атанды. Айта кетейік, 2-жарыс күні Надежда Морозова 1500 метрде күміс жүлде алған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или