Қазақстандық парабиатлоншы әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

Қазақстандық парабиатлоншы әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

Бүгін әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Александр Герлиц парабиатлоннан 12,5 шақырым қашықтықта қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Герлиц қашықтықты 43 минут 59 секундта бағындырды. Канадалық Арендз Марк топ жарып,  қашықтықты 39 минут 20 секундта бағындырса, 41,22 ұпаймен украиналық Вовчунский Григорий екінші болды.

Еске салайық, 2022 жылдың 7-19 желтоқсан аралығында Вуокатти қаласында (Финляндия) шаңғымен жүгіру және парабиатлон бойынша әлем кубогының бірінші кезеңі өтеді. Кубоктың екінші кезеңі АҚШ-та, соңғы үшінші кезеңі Жапонияда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или