Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық зілтемірші Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан Колумбияда өтіп жатқан әлем чемпионатының 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы 383 келі (174+209) көтеріп, қос сайыста ғана емес, жұлқа көтеруде де екінші орын иеленді.

Дәл осы салмақ дәрежесінде тағы бір жерлесіміз Әлішер Сейітқазы бақ сынады. Оның нәтижесі 351 (160+191) келі және қос жаттығу қорытындысы бойынша 11-орын алды.

Бұл санатта қазіргі әлем чемпионы Лесман Паредес топ жарды – 397 (185+212) келі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или