Ига Швентек Рыбакинадан озып, WTA нұсқасы бойынша жылдың үздік теннисшісі атанды

Ига Швентек Рыбакинадан озып, WTA нұсқасы бойынша жылдың үздік теннисшісі атанды

Әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига Швентек Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) нұсқасы бойынша 2022 жылдың үздік теннисшісі атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Швёнтек бұл жүлдені алғаш рет жеңіп алды. Польшалық спортшы сәуір айында WTA рейтингінде көш бастады. Маусым айында ол «Ролан Гарроста», ал қыркүйекте АҚШ ашық чемпионатында жеңіске жетті. Жалпы алғанда, Швентек өткен маусымда сегіз WTA титулын иеленіп, 67 жеңіске жетті. Жылдың үздік теннисшісі атағы таласта ол Елена Рыбакина (Қазақстан), Кэролайн Гарсия (Франция), Кори Гауфф (АҚШ), Онс Жабер (Тунис) және Джессика Пегуладан (АҚШ) озды.

Жылдың үздік дуэті чехиялық Барбора Крейчикова мен Катерина Синякова атанды. Жүлдеге үміткерлер қатарында Вероника Кудерметова (Ресей) / Элиза Мертенс (Бельгия) жұбы болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или