Қазақстандық Виталий Щиголев әлем кубогының В дивизионында 4-ші болды.
Калгариде (Канада) өтіп жатқан конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінде ерлер арасында 5000 м қашықтықта жарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық Виталий Щиголев В дивизионында 6:18,973 есебімен төртінші болып, 21 ұпай жинады. Оның жерлесі Бағдәулет Сағатов В дивизионында 6:30,495 ұпаймен 18-ші болып, 7 ұпай жинады.
Алыс қашықтықта жалпы есепте Щиголев 56 ұпаймен 22-ші, Сағатов 13 ұпаймен 40-шы орында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или