Шорт-тректен әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы аралас эстафетасының жартылай финалына өте алмады
Бүгін Алматыда шорт-тректен әлем кубогы кезеңінде 2000 метр қашықтықтағы аралас эстафета өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үшінші жарысқа Қазақстан құрамасы (Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Мадина Жанбосынова) қатысып, 3:02,804 нәтижесімен соңғы, төртінші орын алды.
Мәреге бірінші болып Голландия құрамасы (2:40,712) жетті, екінші орында Бельгия құрамасы (2:41,647). Екі команда да жартылай финалға шықты.
Үшінші орында Германия құрамасы (2:49,059).
Фото: instagram.com/qaz.iceteam
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или