Қазақстан үстел теннисінен әлем чемпионатында алғаш рет финалға шықты

Қазақстан үстел теннисінен әлем чемпионатында алғаш рет финалға шықты

<span> </span>Тунисте үстел теннисінен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Алан Құрманғалиев финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан үстел теннисі федерациясынан мәлім еткеніндей, қарағандылық А.Құрманғалиев мысырлық Хана Годамен бірге аралас жұпта жартылай финалда жапониялықтар Такуми Танимото – Рин Мендемен кездесті.

Эльмира Алиева жаттықтыратын А.Құрманғалиев пен оның жұбы Х.Года (бапкері Исмаил Хишам) азулы қарсыластарын 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Мамандардың сөзіне қарағанда, қазақстандық спортшы жартылай финалда өзін жақсы қырынан көрсете білді. Шабуылдап, қатты соққылар жасап, жұптасын да қолдап отырды. Матчтан кейін Хана Годаның өзі де Аланның жеңіске жетелегенін атап көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или