ММА

OCTAGON Гран-приі финалының керемет постері жарияланды

OCTAGON Гран-приі финалының керемет постері жарияланды

Eуразиялық OCTAGON промоушені Instagram парақшасында жеңіл салмақтағы Гран-при финалының керемет постерін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Чемпиондық белбеу мен 10 мың доллар сарапқа салынатын шешуші жекпе-жекте қырғызстандық файтер Илимбек Акылбек уулу (6-1) мен қазақстандық Айваз Айдинов (5-1) кездеседі. Лига жекпе-жек өтетін күнді жариялаған жоқ.

Айта кетейік, 21 желтоқсанда Алматыда 2022 жылғы соңғы кеш – OCTAGON 38 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде ең жеңіл салмақтағы чемпион Дамир Төленов (8-0) әзербайжандық Роял Лейлизадемен (5-0) кездесіп, чемпиондық атағын қорғайды.

Алдағы кешке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының ресми серіктесі - Parmigiano Group компаниясы

Турнирдің ресми серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0