Марокко – Испания және Португалия – Швейцария матчтарының тікелей трансляциясы
6 желтоқсанда Катардағы әлем чемпионаты 1/8 финалының екі ойыны өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Астана уақытымен сағат 21:00-де Марокко мен Испания құрамалары Эр Райян қаласындағы «Эдьюкейшн Сити» стадионында кездеседі. 1/8 финалға топтан бірінші орынмен шыққан марокколықтар 1986 жылғы жетістігін қайталады. Бірақ оны жақсарту қиын, себебі қарсыласы - 2010 жылғы әлем чемпионы Испания.
Елорда уақытымен 01:00-де «Лусаил Айконик» аренасында Португалия мен Швейцария құрамалары арасындағы ойын басталады. 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында екі команда да өнерін 1/8 финалда аяқтаған, сондықтан бұл командалардың бірі алдыңғы әлем чемпионатынан жақсырақ өнер көрсететіні сөзсіз.
Қазақстанда кездесулердің тікелей трансляциясын Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан немесе мына сілтемелер арқылы көруге болады: СІЛТЕМЕ 1, СІЛТЕМЕ 2.
Фото fifa.com via Getty Images