Конфедерация жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықақы берді

2015 жылдың басынан өтіп кеткен Азия және Әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясынан қаржылай сыйақы берді.

Континенталды және әлем біріншілігінің жүлдегерлері, Конфедерация спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларының бас және аға бапкерлеріне, спортшылардың жеке жаттықтырушыларына, сондай-ақ, кешенді-ғылыми топтарының мамандарына арнайы сыйақылар шілденің басында тарту етілді.

Естеріңізге сала кетейік, Катардағы күрес түрлерінен Азия чемпионатында (6-10 мамыр) спортшыларымыз 12 жүлдені жеңіп алды. "Алтынмен" Нұрмахан Тыналиев пен Дәулет Ниязбеков ерекшеленсе, Нұрсұлтан Тұрсынов, Эльмира Сыздықовалар күміс жүлделерге ие болды. Қола жүлдегерлер қатарында - Демеу Жадыраев, Жасұлан Қошанов, Марғұлана Әсембеков, Татьяна Аманжол, Жұлдыз Эшимова, Айым Әбділдина, Екатерина Ларионова және Гүлмарал Еркебаева. Салтанатты кездесуде Конфедерацияның атынан спортшыларға сертификаттарды тарту еткен - күрес түрлерінен ҚР Федерациясының бас хатшысы Анатолий Волоха болды.

Бокс. Сыйақыларға Тайпей қ.өткен қыздар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері (жастар 1997-1998жж.т., жасөспірімдер 1999-2000 жж.т.) - жеңімпаздар Балауса Мұздыман және Надежда Рябец, күміс жүлдегерлер Баян Ақбаева, Ляйла Құсайынова, Дина Исламбекова, қола жүлдегерлер Назым Исщанова, Алтын Мұқышбекова, Жанель Жұмасова, Жазира Ұрақбаева, Влада Кухта, Елена Шерункова және Гузель Садықова ие болды. Ташкентте өткен 1999-2000 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпаздары Айбек Досанов, Даулет Нысан, Санатали Толтаев, Абылай Ыбрайымов, Алдияр Тұрсынали, екінші орынның иегері Хурмедшох Искандаров, және қола жүлдегерлер Рахат Сейтжан, Айбол Жамбырбай, Даулет Заушев, Елхан Табынбаев, Нұрболат Ұланұлы марапатталды.

Ауыр атлетика. 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты (Катар) - жеңімпаз Альберт Линдер, күміс медалистер Кристина Крахалева, Михаил Макеев, Семен Линдер, қола жүлдегер Тимур Хасаров. 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты – жеңімпаз Игорь Сон және күміс жүлдегер Әйгерім Ауылбек сыйақыларға ие болды.

Дзюдо. Кувейтте өткен Азия чемпионатының жүлдегерлері – күміс жүлденің иегері Максим Раков, қола жүлдегерлер Елдос Жұмақанов, Ержан Шынкеев, Мариян Урдабаева, Гүлжан Исанова, және командалық "қоланың" иегерлері - Е.Сметов, Е.Жұмақанов, Д.Ықыбаев, АҚалқаманұлы, И.Бозбаев, М.Раков және Е.Шынкеев марапатталды.

Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы Азия және әлем чемпионаты, Азия және Олимпиады Ойындарының жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, оларды дайындаған ҚР ұлттық құрама командалардың бапкерлері мен мамандарына сыйлықақы берудің арнайы жүйесін екі жыл бойы іске асырып отыр.

Дереккөз: confederation.kz сайты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или