Флойд Мейвезер чемпиондық белбеуінен айырылды

Флойд Мейвезер чемпиондық белбеуінен айырылды

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) америкалық кәсіпқой боксшы Флойд Мейвезерді жартылай орта салмақтағы чемпиондық белебуінен айырды.

Естеріңізде болса, Мейвезер мамыр айының басында филиппиндік Мэнни Пакьяоға қарсы 48 жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жеткен еді. Сөйтіп, WBA (Super) және WBC белбеулерін кезекті рет қорғап, қарсыласына тиесілі WBO белбеуін жеңіп алған болатын.

Осы жеңісінен кейін көп өтпей, WBO ұйымы Мейвезерден алғашқы орта салмақтағы WBA және WBC белбеулерінен бас тартуды сұрады. Өйткені, ұйымның ережесі бойынша боксшы бірнеше салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белбеулерді иелене алмайды. Сонымен қатар, Мейвезер Пакьяоға қарсы өткізетін кездесу үшін төлеуі тиіс 200 мың доллар жарнаны төлемеген.

Айта кету керек, WBO ұйымы белбеуді екінші америкалық боксшы Тимоти Брэдлиге табыстады. Енді Брэдли келесі жекпе-жегін міндетті түрде Садам Алиге қарсы өткізуі тиіс. Кездесу биылғы жылдың 21 қарашасында Дубайда өтеді.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или