Щенсны Польша - Аргентина матчында Мессимен 100 еуроға бәстескен

Щенсны Польша - Аргентина матчында Мессимен 100 еуроға бәстескен

Польша құрамасының қақпашысы Войцех Щенсны Аргентина форварды Лионель Мессимен бәстескенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі sport-express сайтына сілтеме жасап. 

«Мессимен төреші пенальти бермейді деп 100 еуроға бәстестім. Мен бәсте жеңіліп қалдым. Бұған рұқсат етілген бе, білмеймін, мені жазалайтын шығар. Оған ақшаны бермеймін, онсыз да ақшасы көп», — деп келтірді Щенсныдың сөзін Ole басылымы.

Аргентина мен Польша матчында пенальти белгіленіп, Месси оны пайдалана алмаған еді. Дегенмен, Аргентина құрамасы 6 ұпай жинап топтан шыққан. Ал Польша екінші орынмен плэй-офф кезеңіне өтті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или