Қазақстандық теннисші Бразилиядағы турнирді жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Вакарияда (Бразилия) турнирде бірінші айналымдағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық жергілікті теннисші Николас Филипеге қарсы матчта жеңіске жетті. Кездесу үш сетте 6:2, 6:7, 6:3 есебімен аяқталды.
Қазіргі уақытта қазақстандық теннисші жекелей сында ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) әлемдік рейтингінде 1001-ші орында тұр.
Небәрі 16 жаста болған бразилиялық спортшы ATP рейтингінде жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или