Дэвис Кубогы-2023: Қазақстан турнирдің іріктеу кезеңінде кіммен кездеседі
Малагада (Испания) алдағы жылға арналған теннис бойынша әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі өтті.
Дэвис Кубогының финалдық кезеңіне шығу құқығы үшін қазақстандықтар Чили командасымен күресетін болады. Матчтар 2023 жылдың 4-5 ақпанында өтеді. Біздің команда сыртта ойнайды. Бұл екі команданың дебюттік бетпе-бет кездесуі болады.
Дэвис Кубогының іріктеу матчтары үш сеттік форматта төрт жеке және бір жұптық кездесуден тұрады.
12 жеңімпаз команда турнирдің қорытынды бөліміне қатысады. Онда олар Дэвис-2022 Кубогының екі финалистіне қосылады: Канада мен Австралияға, сондай-ақ, Италия мен Испания wild card алған екі құрама.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или