Футболдан ӘЧ: оныншы ойын күніндегі матчтардың тікелей трансляциясы
Бүгін Катарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының А және В тобындағы топтық кезең аяқталады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Эквадор мен Сенегал құрамалары плей-офф жолдамасын сарапқа салады, ал Голландия келесі кезеңге шығу мүмкіндігінен айырылған Катармен кездеседі.
В тобында төрт команда да топтан шығуға үміткер. Англия, Иран немесе АҚШ жеңіске жетсе келесі кезеңге тікелей жолдама алады. Ал Уэльске болса, ірі есеппен жеңіске жетуі керек.
Қазақстанда ойын күніндегі барлық матчтарды Qazsport және Qazaqstan телеарналарынан (Матчтардың басталуы Астана уақытымен көрсетілген), сондай-ақ Матч ТВ және Матч Страна арналарынан көруге болады..
21:00. A тобы. Эквадор – Сенегал (Qazsport)
21:00. A тобы.Нидерланды – Катар (Qazaqstan, Qazsport)
01:00. B тобы. Иран – АҚШ (Qazsport)
01:00. B тобы. Уэльс – Англия (Qazaqstan, Qazsport)
Фото: Getty images