«Are you serious?». Головкинге төтеп бере алатын бес боксшы

«Are you serious?». Головкинге төтеп бере алатын бес боксшы

«PROСПОРТ» сайты қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинді ұта алатын жақсы мүмкіндіктері бар бес боксшымен таныстырады.

1.  Карл Фроч

Туған жері: Ноттингем, Ұлыбритания

Жасы: 37

Бойы: 185 см

Чемпиондық атағы: WBAәлем чемпионы (76 келі)

Жекпе-жектер көрсеткіші: 33(24КО)-2

«Мен Головкин үшін тым үлкен әрі мықты боксшымын»

«Әбжылан» лақап атымен белгілі бұл британдық боксшы екінші орта салмақ дәрежесіндегі ең мықты спортшылардың бірі. 36-жастағы былғары қолғап шебері кезінде «Суперсикс» турнирінің финалына дейін жетіп, онда жанкүйерлерге жақсы танымал Андрэ Уордтан ұпай санымен жеңілген болатын. Соған қарамастан, Карл өте тәжірибелі әрі өз елінде танымал боксшы. Соңғы кездесуінде Фроч 70 мыңға толы «Уэмбли» стадионында Джордж Гроузвты нокаутпен ұтқан болатын. Содан бері бір жыл өтті... Карл үлкен спортпен қош айтысуға жақын екенін айтқан, бірақ егерде оған жақсы ұсыныс түссе шаршы алаңға оралуға дайынмын деді. Жақында ғана Геннадий Головкиннің өкілдері британдық боксшыға кездесу туралы ұсыныс жіберген болатын, алайда оның промоутері Эдди Хирн шәкіртінің үлкен спортқа оралуы екіталай деді. Әйтсе де, бокс жанкүйерлері Фроч-Головкин жекпе-жегін армандап жүргені айдан анық. Себебі, Фроч Головкиннен қарағанда бойы ұзын, әрі екі қолмен де жойқын соққы жасай алады. Бұған қоса, «Супер-орта» салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, әбден шынығып алған боксшы.

2. Андрэ Уорд

Туған жері: Сан-Франциско, АҚШ

Жасы: 31

Бойы: 185 см

Чемпиондық атағы: WBA, TheRing әлем чемпионы (76 келі)

Жекпе-жектер көрсеткіші: 28 (15 КО)-0

«Головкин орта салмақ дәрежесіндегі кез-келген боксшымын жұдырықтасамын деді, онда неге менімен кездеспейді?!»

Бокс жанкүйерлерінің айтуынша, Уорд-Головкин матчы өтсе, он жыл күткен Мэйвезер-Пакьяо жекпе-жегінен еш кем түспейді. Қос боксшы да өз салмақ дәрежелерінде «патша» деген атаққа лайық. Головкин 72-келіде, Уорд – 76-да. «Құдайдың баласы» деген лақап атымен шаршы алаңға шығатын американдық боксшы жастайынан бокспен айналысып келеді. Алдымен, әуесқой бокста біраз жетістіктерге жетіп (2004-ші жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы), Андрэ кәсіпқой боксқа ауысты. Онда ол қатарынан тоғыз жыл бойы ешкімге ұтылмай келеді. Тіпті, Гена сияқты қарсылас таба алмай қиналды. Головкинмен кездесуде фаворит болатын жалғыз боксшы– Уорд. Техникалық тұрғыда өте мықты, жылдамдығы керемет әрі шаршы алаңдағы IQ қабілеті жоғары боксшы. Онымен шаршы алаңға шыққан боксшылардың бәрі Уордтың кемшілігін таба алмай, кездесуді он екі раунд бойы таяқ жеп аяқтайды. Сондықтан да Головкин – Уорд жекпе-жегі өте қызықты болмақ. Аталмыш кездесудің болатынына күмән жоқ, бірақ келесі жылы немесе екі жылдан кейін өтуі әбден мүмкін.

3. Мигель Котто

Туған жері: Кагуас, Пуэрто-Рико

Жасы: 34

Бойы: 170

Чемпиондық атағы:  WBC және The Ring әлем чемпионы (72 келі)

Жекпе-жектердің көрсеткіші: 40 (33 КО) – 4

«Алдымен Альварес, содан соң Головкин»

Пуэрто-Рико елінің мақтанышы мен жұлдызы – Мигель Котто. «Періште» деген лақап аты бар Коттоның кәсіпқой бокста жүргеніне 14 жыл болды. 34-жастағы былғары қолғап шебері кәсіпқой рингтегі жолын екінші жеңіл салмақтан бастаған болатын. Артынша, орта салмақ дәрежесіне дейін жетті. Мигель Коттоның ең жұлдызды сәті жартылай орта салмақ дәрежесіне түсті. Онда ол алдымен Заб Джуданы, сосын Шейн Мослиді жеңген болатын. Кейін, Серхио Мартинесті ұтқан Антонио Маргаритодан жеңіліп қалды. Бірақ бір жылдан кейін мексикандық боксшыдан есесін қайтарды. Дегенмен, өзінің өмірдегі ең маңызды жекпе-жектерінде Котто жеңілген болатын, алдымен Пакьяоға, сосын Мэйвезерге. Мигельдің бойы ұзын болмаса да, күші өте көп. Он екі раунд бойы шаршамай, қысым көрсететін мықты боксшы. Былтыр, Мигель сенсация жасап Серхио Мартинесті техникалық нокаутпен ұтып, одан WBC мен The Ring белбеулерін тартып алған болатын. Содан бері, Котто Генаның «қалдығы» Дэниэл Гилді ұтып, енді қараша айында мексикандық жұлдыз Сауль Альвареспен жұдырықтасады. Осы жекпе-жетің жеңімпазы жерлесіміз Геннадий Головкинге қарсы шығады деп күтілуде.

4. Сауль Альварес

Туған жері: Гвадалахара, Мексика

Жасы: 24

Бойы: 175

Чемпиондық атағы: Жоқ

Жекпе-жектердің көрсеткіші: 45 (32 КО) - 1-1

«Головкин - ұлы чемпион, бірақ қазір мен басқа салмақтамын. Болашақта кездесіп жатсақ мен оны жеңе алатыныма сенімдімін»

15 жасында алғаш рет кәсіпқой кездесуін өткізген Сауль Альварес қазіргі таңда бокс жұлдыздарының бірі. Канэлоның жасы 24-те болса да, ол кәсіпқой рингте қырықтан астам кездесу өткізген. Жекпе-жектердің көбін өз отанында өткізген мексикандық жұлдыз артынша Оскар Де Ла Хойяның «Голдэн Бой» компаниясымен келісімшартқа отырған болатын. Содан бері Альваресті барша әлемде тани бастады. Остин Траут, Шейн Мосли, Хосесито Лопез сияқты мықты боксшыларды жеңгеннен кейін Альварес 69 келі салмақ дәрежесінің «патшасы» атанды. Ал, осыдан екі жыл бұрын атақты Лас-Вегас қаласының МGM Grand аренасында Канэло ұпай бойынша әлемнің ең үздік боксшысы Флойд Мэйвезерден ұтылды. Бұл мексикандық боксшының алғашқы жеңілісі болды. Кейін, 24-жастағы мексикандық боксшы Альфредо Ангуло, Эрисланди Лара мен Джеймс Кирклэндті жеңді. Енді, осы жылдың қараша айында пуэрто-рикалық Мигель Коттомен күш сынасады. Айта кетер жайт, Альварес үш жыл бұрын Головкинмен бірнеше спарринг өткізген болатын. Сол кезде Гена оны болашақта жұлдызға айналатынын болжаған болатын.

5. Эрисланди Лара

Туған жері: Гуантанамо, Куба

Жасы: 32

Бойы: 175 см

Чемпиондық атағы: WBA әлем чемпионы (69 келі)

Жекпе-жектер көрсеткіші: 21 (12КО)-2-2

«Эй, Головкин, қарсылас таба алмай жүрсін деп естідім. Жекпе-жек өткізуге қалай қарайсын? Мен дайынмын»

Төрешілердің «құрбаны» Эрисланди Лара кәсіпқой бокста біраз әлем чемпиондарымен жұдырықтасып үлгерді. Атап кетсек, Сауль Альварес, Остин Траут, Карлос Молина, Пол Уильямс және т.б. Кубалық боксшы он жыл бұрын біздің Олимпиада чемпиондарымыз Бақыт Сәрсекбаев пен Бахтияр Артаевты жеңген.  Сондай-ақ, ол әуесқой бокстан 2005-ші жылы өткен әлем чемпионатының жеңімпазы. 2008-ші жылы Эрисланди Кубадан Германияға қашқан болатын. Сол жылы «Гуантанамо алтыны» өзінің кәсіпқой мансабын бастады. Лара өте білікті әрі жылдам боксшы. Сонымен қатар, ол жиі төрешілердің құрбаны болуда. Сауль Альварес пен Пол Уильямсқа қарсы жекпе-жектерде Лара даулы түрде жеңіліске ұшыраған болатын. Ол да Головкин мен Уорд сияқты қарсылас табумен қиналады. Соңғы уақыттары Лара әлеуметтік желіде жиі Головкинді жекпе-жекке шақыруда. Аталмыш жекпе-жекке кедергі Лараның промоутері Хэймон және «Шоутайм» арнасымен келісімшарты. Естеріңізге сала кетсек, Эль Хэймон Головкин жұдырықтасатын НВО арнасымен жаман қарым-қатынаста. Осының бәрін ескерсек, Головкин мен Лара арасындағы жекпе-жекті көруіміз екіталай.

Дайындаған: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или